USD
USD
USD

«Осы жерде өзімді өртеймін»: Хасан Қасымбаевтың анасы мен әйелі билікке талап қойды (видео)

Алматы облысы Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша сот аяқталуға жақын, – деп хабарлайды NEGE тілшісі. 

Хасан
Фото: NEGE

Бүгін сотта айыпталушылар соңғы сөздерін айтады.

«Прокурор баламызға дәлелсіз 15 жыл сұрап отыр» деген наразылықпен Х.Қасымбаевтың туыстары президентке үндеу жасады.

«Мен о бастан айтып жатырмын, күйеуімнің еш кінәсі жоқ. Оны үйде үш балам күтіп отыр. Осыдан әділ шешім шығармаса, осы жерде өзімді өртеймін», – деді Х.Қасымбаевтың әйелі Зүлфия Қасымбаева.

Олар соттан әділдікті талап етті.

«Біз соған дейін барамыз. Осы жерде адам өлімі болады. Мен өзімді құрбандық жасаймын. Әділдік керек. Осыншама жұрт Хасан үшін келмес еді», – деді Хасанның анасы Гүлнәр Нуракимова.

Естеріңізге сала кетейік, сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы Ерлан Құланбаев Қасымбаевқа 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын.

Қасымбаевтан бөлек, тағы 5 адам айыпталған. Олар: Руслан Әлиев, Мадияр Қалымжанов, Сайлау Ақтанов, Нұрмұхаммет Сұлтанбеков, Данияр Асқаров. Сотталушыларға адам ұрлау және бұзақылық әрекеттерін жасағаны үшін айып тағылды.

Қазір оқып жатыр

Зейнетақы жинағына берілетін мемлекеттік кепілдік неге алынып тасталуы мүмкін?

.

Қазақстан Сингапурдың зейнетақы моделіне көше ме?

зейнетақы

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

.

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Сапаров