USD
USD
USD

Өзіне қол салмақ болып бесінші қабаттан секірген азамат аман қалды

Ақтөбеде бесінші қабаттан секіріп өлмек болған азамат аман қалды.

Өзіне қол салмақ болып бесінші қабаттан секірген азамат аман қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ер адамның тек шынтағы ғана шытынаған, ол бірден жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды КТК арнасы.

Бесінші қабаттың терезесіне шығып алған 44 жастағы азамат айқайға басып, секіріп өлгісі келетінін айтқан. Өмірден баз кешкен тұрғынды құтқару үшін өрт сөндірушілер сатысын да жеткізген. Алғашқыда көнгендей болып пәтерге кіріп кеткен. Артынша ытқып шығып, терезеден төмен құлайды. Ол Алға ауданында тұрады. Осы үйдегі тұрғынның пәтерін жөндеп беруге келген екен. 

«Бесінші қабаттан секіріп кетті. Дене жарақаттарымен жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Сол үйде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Орташа дәрежелі мас болғаны анықталды», – деді Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция