USD
USD
USD

Өзін полицей ретінде таныстырып, жұртты тонаған алматылық ұсталды

  Алматылық жігіт өзін тәртіп сақшысымын деп таныстырып, жұртты тонаған.

Өзін полицей ретінде таныстырып, жұртты тонаған алматылық ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жетісу аудандық полиция басқармасының мәліметінше, 21 жастағы У. есімді азаматтың іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша сараланған. «Жалға алынған көлікке мінген жас жігіт көшеде жасөспірімдерді тоқтатып, заттарын көрсетуді талап етіп, түрлі сылтаулармен ұялы телефон, ақша және басқа да бағалы заттарды алып алған. Тағы бір жағдайда күдікті шағын дүкендерге барып, азық-түлік алып, келесі күні ақшаны әкелуге уәде берген.

Жас жігіт бір тәулікке пәтер жалдап, кейін сол пәтерді тонап кеткен», – дейді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов. Бүгінгі күні оның жеті алаяқтық, екі тонау және бір пәтер ұрлығына қатысы бар екені дәлелденді. Жас жігіт бұл қылмыстарын мойындады. «Ұсталған азаматтың бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауға бағытталған бірқатар жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу барысында оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды»,- дейді полиция өкілі.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық