Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Өскемен әкіміне маскасыз суретке түскені үшін айыппұл салынды

Өскемен әкімі Жақсылық Омарға маска режимін сақтамағаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы әкімнің кеңесшісі Әлібек Тұрсімбетов мәлімдеді.

Өскемен әкіміне маскасыз суретке түскені үшін айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін әлеуметтік желіде Өскеменде мәнерлеп сырғанаудан қалалық мектептің фестивалі кезінде түсірілген сурет тараған болатын. Суретке көрермен ретінде "Өскемен көлік компаниясы" ЖШС директоры Михаил Чайка, қоғамдық белсенді Елена Березинская-Абилова мен Жақсылық Омар түсірілген. Желі қолданушылары әкімді іс-шараға маскасыз қатысқаны үшін сынға алған еді.

"Қала басшысының қоғамдық орынға маскасыз бару оқиғасы қолданыстағы заңнама аясында аяқталды. Өткен аптада заң бұзушылық туралы тиісті хаттама тіркелгеннен кейін қала әкімі белгіленген айыппұлды төледі", - деді Тұрсымбетов Instagram желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар, оның сөзінше, Жақсылық Омармен бір іс-шараға қатысқан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова да маска тақпағаны үшін айыппұл төлеген. 

Қазір оқып жатыр

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш

Ұлттық банктен кеткен Шолпанқұлов Solva Group директорлар кеңесінің құрамына кірді

Берік Шолпанқұлов

Үмітсіз берешекті есептен шығару кезінде кей қазақстандықты салықтан босату ұсынылды

жеке табыс салығынан босату

Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті атанды

Қуат Хамитов