USD
USD
USD

Өзін банкрот деп жариялағандарға несие берілмейді

«

Өзін банкрот деп жариялағандарға несие берілмейді
Фото: NEGE.kz

Банкрот мәртебесін алған азаматтар бес жыл бойы несие ала алмайды»,- деді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

Алматы, NEGE. "Назарға сала кетсек, сотсыз банкрот деп танылған азаматтар сол күннен бастап бес жыл ішінде банктер мен микроқаржы ұйымдарынан кредит ала алмайды", – деді Ержан Біржанов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, сотсыз банкрот деп танылмаған азаматтар араға 3 ай салып қайта өтініш бере алады.  "Азаматтардың жеке мәліметтері бойынша деректер базасына құзырлы мемлекеттік органдар жауапты екенін еске салғым келеді. Жоғарғы соттың мәліметтеріне сәйкес бүгінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе банкроттықты сот арқылы рәсімдеу туралы 139 тұлға өтініш білдіріп, арыз берген", - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе