USD
USD
USD

Өзін «Антикордың» қызметкерімін деп таныстырған мас шенді жұмыстан қуылды

Қостанай облысында әкімдік жанындағы Әдеп жөніндегі кеңес мас күйінде рөлге отырып, полицияға өзін "Антикор" қызметкері ретінде таныстырған Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасарына қатысты істі қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзін «Антикордың» қызметкерімін деп таныстырған мас шенді жұмыстан қуылды
Фото: NEGE.kz

Қостанай, NEGE. Кеңес отырысында келтірілген мәліметтерге сәйкес, 5 наурызда рейд кезінде полиция қызметкерлері қызметтік көлікті тоқтатқан, оның рөлінде Қостанай облысының энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Шыңғыс Кенжалы болған.

«Мемлекеттік қызметкер құжаттарының жанында жоқтығын айтып, өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері ретінде таныстырады. Бұдан кейін медициналық куәландыру кезінде жүргізушінің жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталды», – дейді Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті.

Осыған байланысты 7 сәуірде полиция басқармасы оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырып, істі сотқа жолдады.

«Мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылығы үшін Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Шыңғыс Кенжалыны қызметінен босату туралы ұсынысты бірауыздан қолдап, дауыс берді», - делінген департамент хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер