Өзге елде жұлдызы жанған қазақстандықтар
Қазақ шоу-бизнесі баршамыздың назарымызда. Көңілді кеш, той-томалақ, қымбат көлік, тасыған танымалдық, осы орта өкілінің қазіргі сүріп жатқан өмірі. Көпшілік іштей армандайтыны рас. Ол үшін талантың тасып, өнерің өзгені елітуі тиіс. Сонда ғана шоу-бизнестің өкілі болуың бек мүмкін. Өнерде шек жоқ, сондықтан шетел асып басқа мемлекетті мойындатсаңда өз еркің. Осыған орай, өзге елде жұлдызы жанған қазақстандықтар топтамасын назарларыңызға ұсынамыз.
Самал Еслямова. Канн фестивалінің арқасында асқан танымалдылыққа ие болған отандық актриса кинодағы жолын Ресейден бастаған. Самалдың басты рөлді сомдаған фильмі әйгілі Канн фестивалінде жеңіске жетіп, киносыншылар мадағына ие болды. Қазақстандық актриса «Үздік актриса» номинациясын жеңіп алды. Соңғы журналистерге берген сұхбатында Самал қыздың Қазақстанға жақын арада келер ойы жоқ.
Тимур Бекманбетов. Кино әлемінің үздігі атанған режиссер Ресейде ғана емес, Еуропа және АҚШ-та да үлкен құрмет пен даңқа ие. Маманның түсірген фильмдері көптеген байқауларға ұсынылып, сәйкесінше жүлделі орындар алып жатыр. Киносүйер қауым режиссердің таспалаған «Елки» фильмін жыл сайын жаңа жылда тамашалайды.
Jah Khalib. Бұл әншінің шығыстық ырғақтары ресейлік шоу-бизнесте жоғары бағаланған. Ол «МузТВ» арнасының «жыл жаңалығы» номинациясын ұтып алған тұнғыш қазақстандық әртіс болды. Әншінің ерекше туындылары көптеген ресейлік әріптестеріне ұнаған. Олар тіпті Jah Khalib-пен дуэт жазғысы келетіндерін айтып жасырмауда. Басқа елде жүрген Алматылық жігіттің шын есімі Бахтияр Мамедов.
Скриптонит. Жанкүйерлері саны қанша болса, оған қарсы болған адамдары да сонша көп болған Скриптонит лахап атымен танылған әнші өзінің ерекше музыка стилімен ресейлік хип-хоп және рэп саласын жаулап алды. Баста, Гуф және тағы да басқа танымал тұлғалардың жоғары бағалауына ие болған қазақ жігіті бір-ақ сәтте атақ пен құрметке ие болып шыға келді. Қазіргі таңда ол Бастаның «Gazgolder» лейблінің ресми мүшесі болған.
Нәзима Жәнібекова. Ресейлік бағдарламада өзін барынша кәсіби әнші ретінде көрсете алған Назима жайлы Қазақстан жұртшылығы кеңінен танып біле бастады. Шымкенттік қыз Отандық шоу-бизнестен қайыр болмаған соң, өз күшін Ресейде сынап көруге бел буған.Талантты әнші өз таңдауында қателеспеді. Ол «Песни» байқауының фавориттері қатарына бірден кіріп, әйгілі Тиматидің лейбліне жұмысқа орналасқан. Қазақстандық әнші ресми түрде «Black Star» бірлестігінің әртісі. Тиматимен бірлесіп екі әнбаяның халыққа ұсынып, санаулы уақыттың ішінде милионнан аса қаралым жинады. Қазіргі таңда Нәзима Жәнібекова елімізде ғана емес, Ресейде кеңінен танымал.
Ұлжан Айнақұлова