USD
USD
USD

Тоқаев: Қандай да бір тілге қарсы күресу – Жаратқанға қарсы шығумен тең

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы өтіп жатыр. Президент өз баяндамасында елдегі тіл мәселесіне тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: Aqorda

Астана, NEGE. Тоқаевтың айтуынша, мемлекеттік тіл – жалпыұлттық топтасу мен мемлекеттілікті нығайтудың маңызды факторы.

«Тіл – Жаратқанның адам баласына берген ең үлкен игілігі, теңдессіз сыйы. Қандай да бір тілге қарсы күрес жүргізу – Жаратқанға, оның нығметіне қарсы шығу. Сірә, бұдан асқан ақымақтық болмас.

Сондықтан тіл (қандай тіл болса да) бірлік пен өркениеттің өлшемі болуға тиіс», – деді Тоқаев.

Оның сөзінше, қазақ тілінің мәртебесі еш мәжбүрлеусіз артып келеді. 

«Қазақ тілі қандай да бір әкімшілік, тіпті саяси мәжбүрлеусіз өрісі кеңейіп, көпшіліктің тіліне айналды. Әсіресе, жастарымыздың қазақ тілінде еркін, сауатты сөйлейтіні қуантады. Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысының сөзінше, бұл елімізде басқа тілдерден бас тартуды білдірмейді. Конституцияда тілдік, этностық, конфессиялық және басқа да белгілер бойынша кемсітуге тыйым салынғанын еске салып, қоғамда этносаралық араздықты қоздыруға тырысатын әрекеттерге де тоқталды.

«Кейбір тісқаққан арандатушылар әлеуметтік желіде ұлтараздықты қоздырып, әдейі отқа май құяды. Олардың көздегені біреу – қоғамды әлсіретіп, Қазақстанның Егемендігіне нұқсан келтіру, елді бірліктен айырып, бейбіт, алаңсыз өміріміздің астаң-кестеңін шығару», – деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, құқық қорғау органдары мұндай жағдайларда Конституция мен заң талаптарына сәйкес принципті түрде әрекет етуі керек.

Қазір оқып жатыр

Мәслихат депутаттары қайта сайланады: Тоқаев Жарлыққа қол қоятынын айтты

Қазақстан Халық Кеңесі

Алматыда түнде ҚазҰУ кешеніндегі Студенттер сарайының төбесі опырылып түсті

Төбесі опырылып түскен студенттер сарайы

Қылғындырып, ішінен тепкен: жүкті әйелін қинағаны үшін сотталған ер адам жазасын жеңілдетуді сұраған

Жүктілік

Шекарада жүргізушілерден ақша бопсалаған: Жамбыл облысында қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Күдіктіні ұстау сәті