USD
USD
USD

«Өзенмұнайгаздың» қаржы-шаруашылық қызметінде 160 заң бұзушылық анықталды

Жаңаөзен қаласында ҚМГ арнайы жұмыс тобы тексеріс жүргізуді жалғастырып жатыр.

«Өзенмұнайгаздың» қаржы-шаруашылық қызметінде 160 заң бұзушылық анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта 55 шаруашылық қызмет нысаны, соның ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ-тың (ӨМГ) 17 өндірістік құрылымдық бөлімшесі, 8 мұнай сервис ұйымы мен 30 басқа да мердігер ұйымның қызметі талданды. 

ӨМГ-нің қаржы-шаруашылық қызметін тексеру кезінде алдын ала 160 бұзушылық пен сәйкессіздік анықталды, оның ішінде:

– 7 факті ҚР заңнамасына сай шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілді;

– 10 факті бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр;

– 101 факті бойынша жауапты тұлғаларға тәртіптік жаза қолданылатын болады.

Құқық бұзушылық фактілерінің салдарынан келтірілген шығын сомасы процессуалды және регламенттеуші іс-шаралардың қорытындысы бойынша анықталады.

«Біз құқық қорғау органдарымен тығыз жұмыс істеп, заңға қайшы анықталған әрекеттер жайлы дер кезінде хабарлап отырмыз. Бұдан әрі олар тергеу жүргізіп, өзге іс-шараларды қолға алады. Солардың біріне кеше Экономикалық тергеу департаментінің «Өзенмұнайгаз» бас директорының орынбасарын ұстау фактісі де жатады. Комиссияның жұмысы әлі аяқталмады, көптеген факт бойынша қызметтік тергеулер жүріп жатыр», — деді арнайы жұмыс тобының жетекшісі, ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов.

Қазір оқып жатыр

«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Видеодан үзінді/Ақ Жайық

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев