USD
USD
USD

«Өзенмұнайгаз» және «БерАли Маңғыстау» компаниясының басшылары қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Мұнайшылардың наразылығынан кейін «Өзенмұнайгаз» және «БерАли Маңғыстау» компаниясының басшыларына қатысты тергеу басталды.

«Өзенмұнайгаз» және «БерАли Маңғыстау» компаниясының басшылары қаржы жымқырды деген күдікке ілінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР Қаржы мониторингі агенттігі (AФM) «Өзенмұнайгаз» АҚ лауазымды тұлғалары мен «БерАли Маңғыстау компаниясы» ЖШС басшылығына 2022 жылы мұнай ұңғымаларын жөндеуге арналған аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырды деген күдікпен тергеу жүріп жатыр.

«Жаңаөзен қаласы тұрғындарының «ҚазМұнайГаз» АҚ (Өзенмұнайгаз) жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық және жымқыру фактілері бойынша көптеген өтініштерінің негізінде Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті сотқа дейінгі бірнеше тергеу жүргізуде.  Атап айтқанда, кәсіпорынның бухгалтерлік және өзге де ресми құжаттамасында бұрмаланған мәліметтерді көрсете отырып, жаңа сорғы-компрессорлық құбырларды жалған орнату арқылы ұрлау фактісі бойынша "Өзенмұнайгаз" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізілуде» - деп жазылған хабарламада.

«БерАли Маңғыстау компаниясы» ЖШС басшысы өзінің туыстарымен арнайы техниканы жалға алу туралы жалған келісім жасағаны анықталды.

Ведомство бұл қаражатты жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартуға, соның ішінде жалақыны көтеруге жұмсауға болатынын атап өтті. Алайда, ақша талан таражға салынып, бұл компанияның қарапайым жұмысшыларының наразылығын тудырып, Астанадағы мұнайшылардың митингісіне ұласты.

Қазір оқып жатыр

«77 адамға 1,8 млрд теңге шығын келтірген»: күдікті Қырғызстаннан жеткізілді

экстрадиция

Министр Ресейдің бензинге қатысты өтініші туралы мәлімдеме жасады

.

Нұрлан Сабуров Молдованың «қара тізіміне» енді

Нұрлан Сабуров

Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысы уақытша тоқтатылды: қор жеткілікті ме?

Атырау МӨЗ