USD
USD
USD

«Өзекті мәселелерді талқылады»: Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Тоқаев, Путин
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің биыл мамырда Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағытына айтарлықтай серпін бергенін атап өтті. Президенттің мәлімдеуінше, екі ел үкіметтері аталған келісімдерді дәйекті түрде жүзеге асырып жатыр. 

«Мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Президенттер жұмыс барысында тұрақты байланыста болуға келісті», – делінген ресми ақпаратта.

Сондай-ақ Тоқаев пен Путин шілде айының соңында Омбы қаласында ұйымдастырылатын ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық мәселелерін пысықтады.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова