Өзбекстанның ең ірі әріптестерінің тізімінде Қазақстан қай орында?

2019 жылдың қаңтар-қарашасының қорытындысы бойынша Қазақстан Өзбекстанның ең ірі әріптестерінің үштігіне кірді, деп хабарлайды ҚазТАГ.
«Өзбекстан әлемнің 189 астам елімен сауда қарым-қатынасын жүргізіп отыр. Солардың ішінде оның сыртқы сауда айналымының ең үлкен көлемі Қытаймен (19,2%), Ресей Федерациясымен (15,2%), Қазақстанмен (8,4%), Корея Республикасымен (6,6%), Түркиямен (5,9%), Германиямен (2,4%) және Қырғызстанмен тіркелген (2%)», – делінген статистика жөніндегі Өзбекстан мемлекеттік комитеттінің баспасөз қызметінің хабарында.
Бұл ретте Қазақстанның Өзбекстанмен саудада оң сальдосы ($350 млн) бар, яғни $1773,8 млн-ға экспорттап, $1423,8 млн.-ға импорттайды.
Өзбекстанның ең ірі серіктестерінің ондығы арасынан келесі сегіз елмен саудадағы сальдосы теріс болып отыр: Қытай ($1855,4 млн), Ресей ($1552,5 млн), Қазақстан ($350 млн), Корея Республикасы ($2355,7 млн), Түркия ($105,1 млн), Германия ($807,2 млн), АҚШ ($527 млн) және Түркіменстан ($290,4 млн).
Өзбекстан тек екі елмен ғана оң сальдоға ие – Қырғызстан ($494 млн) және Ауғаныстан ($550,6 млн).