USD
USD
USD

Өзбекстанның да бірқатар облысында жарық өшті

Өзбекстанның Сурхандария және басқа да бірқатар облысында электр өшіп қалды.

жарық
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Елдің энергетика министрлігінің хабарлауынша, көршілес елдің энергетикалық жүйесінде болған апат Орталық Азияның ортақ энергетикалық жүйесіне әсер еткен.

Бұған дейін Қазақстанның энергетика министрлігі Орталық Азияның энергетикалық жүйесі тарапынан электр энергиясы ауысымының күрт өзгеруіне байланысты энергетикалық жүйеде қуат шамадан тыс артып кеткенін мәлімдеген еді. Нәтижесінде апатқа қарсы автоматика іске қосылып, кейбір өңірлердегі тұтынушылар электр қуатынан ажыратылған.

Еске салсақ, бүгін, 14 тамызда Алматы қаласының Бостандық, Наурызбай, Әуезов және Алатау аудандарында және Алматы облысының бірнеше ауданында электр жарығы өшіп қалды.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ өкілдері сағат 14:38-де "KEGOC" АҚ-ға тиесілі 500 кВ Л-5400, Л-5300 және Л-5320 әуе электр беру желілерінің апаттық сөнуі салдарынан компания желілерінде апатқа қарсы автоматика іске қосылғанын хабарлады.

 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер