17 Тамыз 19:17
...

Өзбекстанның бұрынғы ТҮКШ министрі 7 жылға сотталды

сот залы
Фото: uznews.uz

Ағымдағы жылдың наурыз айында Шайхантахуо ауданының Қылмыстық істер жөніндегі соты 2021-2023 жылдар аралығында Нурафшан қаласының хокимі және 2017-2021 жылдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрі қызметін атқарған Мұзаффар Салиевке үкім шығарған,-деп хабарлады uznews.

Алматы, NEGE. Іс материалдарына сәйкес, сотталушы жалпы сомасы 5 млн доллардан астам бюджет қаражатын ұрлаудың бірнеше ісі бойынша айыпталған.

Сот бұрынғы министрді ӨР Қылмыстық кодексіндегі 167-баптың 3-бөлімінің «а, в» тармақтарында (Ұйымдасқан топтың аса ірі мөлшерде немесе оның мүддесін көздеп иемдену немесе ысырап ету жолымен жасалған ұрлық) және 209-баптың 2-бөлімінің «а, б» тармақтарында (Қайта жасалған лауазымдық жалғандық немесе қылмысын қайталап жасаушының ұйымдасқан топтың мүддесі үшін қайта жасаған лауазымдық жалғандық) қарастырылған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі болып танылды. Ол 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Ташкент қалалық соты Мұзаффар Салиевтің бұл үкімге қатысты шағымын қарады.

Адвокаттар апелляциялық шағымда бірінші инстанциялы сот М.Салиевті ұйымдасқан топ құрамында ақша иемдену және жалған құжат жасау қылмыстарын жасады деп негізсіз айыптағанын көрсетті. Сот істің мән-жайын толық тексермей, М.Салиевті министр лауазымында болмаған кезең үшін айыптады деп шағым түсірген.

Сот алқасы судьяның баяндамасын, прокурордың қорытындысын, сондай-ақ сотталушы мен оның қорғаушыларының пікірін тыңдап, қылмыстық іс материалдарымен қоса шағымдардың дәлелдерін талдап, үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылдады.