USD
USD
USD

«Өзбекстаннан құрылысшыларды жалдап беремін» деп алдап кетті

Өзбекстаннан құрылысшыларды жалдап беремін деп шымкенттікті алдап кеткен алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Өзбекстаннан құрылысшыларды жалдап беремін» деп алдап кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Қаратау ауданы Полиция басқармасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бейтаныс азамат Өзбекстан Республикасынан құрылыс жұмыстарын жүргізіп беретін құрылысшыларды алып келіп, үйінің құрылыс жұмыстарын істеп беремін деп сеніміне кіріп, 1 млн. теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін жазып көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді.

Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе