USD
USD
USD

Өзбекстаннан Қазақстанға заңсыз қаржы алып өтпек болған қырғыз азаматы құрықталды

20 000 АҚШ долларын және 23 458 000 теңгені Қазақстанға заңсыз алып өтпек болған Қырғызстан азаматы Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің «Атамекен» кеден бекетінде қолға түсті, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.

Өзбекстаннан Қазақстанға заңсыз қаржы алып өтпек болған қырғыз азаматы құрықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2021 жылдың 19-қазаны сағат 14:30 шамасында Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Атамекен» кеден бекетінің және «КҚЖТ» шекара наряды қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстанға кірмекші болған «Volvo» жүк көлігін тексеру барысында, декларацияланбаған ақшаны анықтаған.

«Аталмыш оқиға ҚР Қылмыстық кодексінде арнайы қаралғандықтан, Қырғызстан азаматына қатысты тиісті тергеу амалдарын жүргізу мақсатында, іс Түркістан облыстық Экономикалық тергеу департаментіне жолданды»,-длінген Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі. Біздің каналымызға жазылыңыз:

 

Қазір оқып жатыр

РФММ гранттары төңірегіндегі дау: Оқу-ағарту министрлігі түсінік берді

.

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

.

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

.

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

.