USD
USD
USD

Өзбекстанда қазақ қолбасшысының кесенесі табылды

Өзбекстанда осыдан 400 жыл бұрын салынған көне кесене табылды, деп хабарлайды 24kz.

Кесене
Фото: 24kz

Алматы, NEGE. Бірде-бір кірпіші бұзылмай, бәз-баяғы қалпында сақталған нысан Самарқан облысында орналасқан. Жергілікті зерттеушілердің айтуынша, онда 16-17-ғасырларда өмір сүрген қазақ қолбасшысы жерленген. Есімі – Тоқманбай.

Ол сол заманда хан бұйрығымен Самарқан жеріне әскери көмекті бастап барып, мезгілсіз өмірден озған. Бұл деректі көрші елдің мамандары айтып отыр.

Самарқан маңындағы бұл бейіт – жергілікті жұрт үшін қастерлі орындардың бірі. Мұнда ғасырлар бойы іргесі сөгілмей келе жатқан көне кесене бар. Оның сырына өзбекстандық зерттеушілер терең үңіле бастады. «Самарқанд қабірлері» кітабындағы мәлімет бойынша бұл жерде қазақтың рубасы Тоқманбай мәңгілік мекен тапқан. Ол 16-ғасырда хан бұйрығымен Шайбани мемлекетіне арнайы көмекпен келіп, атты әскер жасақтаған.

Кесене екі қабаттан тұрады. Астыңғы бөлігі шөгіп қалған. Құлпытасы да көрінбейді. Ал екінші қабаты байырғы қалпында. Күмбездегі кірпіштер еш үгітілмеген. Зерттеушілер зиратты өткен ғасырға дейін баба ұрпақтары күтіп-баптап келгенін айтады. Кейін біраз уақыт қараусыз қалып, маңайы жалпыға бірдей бейітке айналған. Ал осы күні жергілікті белсенділер нысанды жаңғыртуды ұсынып отыр. Әзірге мазар ішінде тұрғындардың көмегімен тазалық жұмыстары жүргізіп тұрады.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов