USD
USD
USD

Өзбекстандықтарға жаяу жүргені үшін ақша төлене бастады

 Көрші елде «Салауатты өмір салты» жобасы сәуір айында бекітілген болатын. 

Өзбекстандықтарға жаяу жүргені үшін ақша төлене бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Енді ол 10 мамырдан бастап сынақ күйінде іске қосылды. Жобаға тек Өзбекстан азаматтары ғана қатыса алады. Ол үшін электронды үкімет порталында тіркеліп, телефонға арнайы қосымшаны жүктеп алу керек. Жоба бойынша жасы 18-ден асқан өзбекстандық 1 тәулікте 10 мың қадамнан артық жүріс жасаса, оның шотына 125 теңге көлемінде ақша түсіп отырады.

Ал әр айдың қорытындысы бойынша ең көп жүрген адам 12 мың мен 40 мың теңге аралығында табыс таба алады. Кімнің қанша қадам жүргенін қалай анықтау керегін жергілікті билік әзірге білмей отыр. Сондықтан платформа 1 маусымға дейін сынақтан өтеді. Кейін әдісі табылғаннан соң толыққанды іске қосылады деп жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер