USD
USD
USD

Өзбекстандық шаруа динозавр сүйектерін тапты

Өзбекстанның Каратепа ауылында жылыжай жұмыстары кезінде шаруа қожалығының иесі бір метр тереңнен тіршілік иесінің қалдықтарын тапты. Археологтар сүйектер динозавр тұқымдасына тиесілі деп болжады, деп хабарлайды Central Asia. 

Өзбекстандық шаруа динозавр сүйектерін тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өзбекстанда табылған белгісіз тіршілік иесінің қалдықтары индрикотери динозаврына, жойылып кеткен сүтқоректілердің тұқымына жатады. Оны алып мүйізтұмсық деп те атайды. Бұл туралы Наманган мемлекеттік тарих және мәдениет музейіндегілер хабарлады.

Зерттеуді мұражай қызметкерлері, Наманган мемлекеттік университетінің археология кафедрасының археологы Шукурулло Насриддинов және биология кафедрасының доценті Эркин Икромов жүргізді.

Индрикотери - құрлықтағы ең ірі сүтқоректілер. Индрикотери қалдықтары жиі табылады және Азияның көптеген жерінде кездеседі: Қазақстанда, Моңғолияда, Пәкістанда, Батыс Қытайда. Бұл жер Олигоцен дәуірінде, шамамен 25 миллион жыл бұрын шексіз жазық дала болған.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті