USD
USD
USD

Танымал бьюти-блогер өзіне қол жұмсады

Өзбекстанда 23 жастағы косметолог блогер Гузаля Махматкулова терезеден секіріп, қаза тапты. 

Бьюти блогер
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы Gazeta.uz сайты хабарлады. Қайғылы оқиға 12 желтоқсанға қараған түні Самарқанд қаласында болды. Елдің Бас прокуратурасы қыздың көпқабатты үйдегі пәтердің терезесінен секіріп, өз-өзіне қол жұмсағанын растады.

Құқық қорғаушылар қызды өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деген болжам жасады. Олардың мәліметінше, Гузаля Махматкулова күйеуі мен енесінің қысымын көрген.

«Марқұмның тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны анық, сол себепті қайтыс болған шығар. Оны өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деген болжамдар бар. Біз Самарқанд прокуратурасының тексеру нәтижесін күтеміз», делінген Nemolchi.uz қорының мәлімдемесінде.

Қазіргі уақытта прокуратура тергеуге дейінгі тексеру жүргізіп жатыр.

Гузаля Махматкулова – әлеуметтік желіде танымал болған Өзбекстанның танымал косметологі. Интернетте 23 жастағы бойжеткен негізінен сұлулық пен эстетикалық медицина туралы айтатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер