USD
USD
USD

Өзбекстандық Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов сыйға берілген су жаңа көлігін жол полициясының көлігіне соғып алды

Өзбекстандық Олимпиада чемпионы Баходир Жалолов тұрақтан шықпақ болған кезде алдында тұрған жол полициясының көлігіне соғылған.

Өзбекстан
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Желіде Баходир Жалоловтың су жаңа көлігін жол полициясының көлігіне соғып алған видеосы тарады. 

Ақпаратқа сәйкес, оқиға Ташкентте түнде Парижден Өзбекстанға келген спортшыларды қарсы алу және марапаттау рәсімі кезінде болған.

Өзбекстан президенті бокстан Олимпиада чемпионы Бахадир Жалоловқа және басқа да чемпиондарға 200 мың доллар, екі қабатты коттедж және Tahoe көлігін сыйға тартты.

Спортшы жаңа көлігін адамдар қоршап тұрған тұрақтан айдап шықпақ болған. Алайда ол басқаруға ие бола алмай, жол полициясы қызметкерінің көлігіне соғылған.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов