USD
USD
USD

Өзбекстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді

Өзбекстаннан шыққан бұрынғы әлем чемпионы Исраил Мадримов (10-2-1, 7 KO) қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақтағы IBF және WBO белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 KO) жекпе-жек өткізуге қарсы емес екенін айтты, деп хабарлайды Sports.kz. 

 Жәнібек Әлімханұлы
Фото: Sport Pulse

Алматы, NEGE. — Егер мен 160 фунт салмақ дәрежесіне көтерілсем, барлық чемпиондармен кездесуге күш саламын.

Жәнібекке айрықша құрметпен қараймын, бұл жерде жеке ештеңе жоқ. Мұның бәрі тек спортқа қатысты әрі мен Жәнібекпен жұдырықтасуға қуана келісер едім. Бұл – мен үшін мәртебе.

Қазақстан – Өзбекстанға көрші ел, бұл екі мықты бокс ұлты арасындағы тамаша кездесу болар еді, – деді Мадримов The Ring басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақтағы IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағына ие.

Қазір оқып жатыр

Мұнайдың тағдырын кім шешеді? Экономист Үкіметтің болжамына баға берді

Сапарбай Жұбаев

Volkswagen ондаған мың жұмыс орнын қысқартып, 2030 жылға дейін жалақыны өсірмеуді жоспарлаған

 Volkswagen

Тоқаев әскери әзірлік сапасын арттырып, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды талап етті

Тоқаев, Омарбеков, Савельева

«Санитарлар зорлық-зомбылық көрсеткен»: Аягөзде ерекше балаларды қорлаудың жүзден астам фактісі анықталды

Тәрбиеленуші мен санитар