USD
USD
USD

Өзбекстандық блогер Бозжырада көлікпен сорға кіргені үшін айыппұл арқалады

Өзбекстандық блогер Илхомжон Йолчиевке Маңғыстау облысындағы Тұзбайыр тұзды алқабы аумағында жол талғамайтын Jeep көлігімен жүргені үшін айыппұл салынды.

Илхомжан Йолчиев
Фото: Видеодан скрин

Астана, NEGE. Блогер Instagram-дағы жеке парақшасында Маңғыстау облысына жасаған сапарынан видео жариялады. Жарияланым бірнеше мың қаралым жинаған.

Алайда қазақстандықтар өзбекстандық қонақтың жол талғамайтын көлікпен Тұзбайыр сорын кешіп жүргенін құптай қоймады.

«Өте әдемі түсірілген, бірақ өтініш, сорға көлікпен кірмеңіз. Тұзбайырдағы дөңгелек іздері ондаған жыл бойы кетпейді, сол арқылы бірегей табиғат көрінісі бұзылады. Табиғат сұлулығын бірге сақтайық», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Маңғыстау облыстық полиция департаменті блогердің Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы (қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу) бойынша жауапқа тартылғанын хабарлады. Оған 20 АЕК көлемінде – 86 500 теңге айыппұл салынды.

Қазір оқып жатыр

Мұнай мен уранға қатысы жоқ: АҚШ Қазақстан тауарларына жаңа баж салығын енгізеді

санкция

Кептелісті айналып өтеді: Астанада әуе таксиі алғаш рет ұшты

.

«Пустынное» комбинатында жұмысшы қаза тапты

«Алтыналмас» компаниясы

«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы: сарапшылар нені ерекше атап өтті?

.