USD
USD
USD

Өзбекстандағы "Қазақстан жылы" қорытындыланды

Өзбекстанда жыл бойы "Қазақстан жылы" қарсаңында түрлі  шаралар өтті.

Өзбекстандағы "Қазақстан жылы" қорытындыланды
Фото: NEGE.kz

​Алматы, NEGE. Ташкент қаласындағы «Өзбекстан» халықаралық форумдар сарайында өткен гала-концертке ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Өзбекстан Республикасының вице-премьері Азиз Абдухакимов, Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрі Бахтиёр Сайфуллаев қатысты.

Концертте Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Азамат Жылтыргөзов, Медет Шотабаев, Ардақ Балажанова, Батыржан Мықтыбаев, Әлішер Кәрімов, Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, «Салтанат» Мемлекеттік би ансамблі және халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары өнер көрсетті.

Айта кетерлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Жылының жабылуы аясында Қазақстан өнер шеберлерінің концерті мен танымал Ә.Қастеев музейінің арнайы көшпелі көрмесін ұйымдастырған болатын.


 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков