USD
USD
USD

Өзбекстанда жұмыссыздарға берілетін жәрдемақы екі есе өсті

Өзбекстанда жұмыссыздарға төленетін жәрдемақы екі есеге өсті, деп хабарлайды Өзбек телеграф агенттігі.   

Өзбекстанда жұмыссыздарға берілетін жәрдемақы екі есе өсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2020 жылы жәрдемақы екі есеге көбейіп, айына 632 мың сум (шамамен 70 АҚШ доллары) болады», - деді Өзбекстанның жұмыспен қамту және еңбек қатынастары министрінің бірінші орынбасары Эркин Мухитдинов.

Соңғы деректерге сүйенсек, Өзбекстанда экономикалық тұрғыдан белсенді емес азаматтардың саны 205 мың адам болса, жұмыссыздық 9-дан 8 пайызға төмендеген. Ал жұмыссыздардың саны 1,3 млн адамға жетсе, 50 мың азаматқа жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақы төленеді.

Жұмыссыздық бойынша жоғары көрсеткіш Қашқадария және Сурхандария облысында, төменгі көрсеткіш Ташкент қаласында тіркелген.  

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy