USD
USD
USD

Өзбекстанда жас жұбайлар генетикалық тексеруден өтуге міндеттелді

Өзбекстанда жас жұбайлар туыстық қатынастарының жоқ екенін анықтау үшін молекулярлық-генетикалық тексеруден өтуге міндеттеледі, деп хабарлайды Рodrobno.uz басылымы.

Өзбекстанда жас жұбайлар генетикалық тексеруден өтуге міндеттелді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Шавкат Мирзиеев қол қойды. Өзбекстанда 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап некеге тұратын адамдарға міндетті молекулярлық-генетикалық тестілеу енгізілген.

Елде туысқандардың бір-біріне үйленуіне байланысты, балалардың денсаулығына зиян келмеуі үшін осындай шара қолға алынған.

«Тестілеу ерлі-зайыптылардың қаражаты есебінен Республикалық мамандандырылған гематология ғылыми-практикалық медициналық орталығының зертханасында жүргізіледі. Сараптамалар Республикалық халықтың репродуктивті денсаулығы орталығына және оның аймақтық бөлімшелеріне тапсырылады», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян