USD
USD
USD

Өзбекстанда жаңажылдық банкет өткізуге тыйым салынды

Өзбекстанда мемлекеттік мекемелердің жаңажылдық банкет өткізуіне тыйым салынды.

Өзбекстанда жаңажылдық банкет өткізуге тыйым салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өзбекстанда мемлекеттік ұйымдардың жаңажылдық банкет өткізуіне және білім мекемелерінде Жаңа жыл мерекесін тойлауға тыйым салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елдің денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстанда коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі республикалық комиссияның қаулысына орай, мемлекет үлесі бар кәсіпорындарда мерекелік жиын өткізуге тыйым салынды. Одан үнемделген қаржыны білім беру, денсаулық сақтау, балалар үйі секілді әлеуметтік салаларға жұмсау ұсынылады.

Басқа ұйымдар немесе жеке тұлғалардың қоғамдық тамақтандыру орындарында 30 адамнан аспайтын және санитария-гигиена және карантин талаптарын қатаң сақтай отырып мереке іс-шараларын өткізуіне шектеу қойылмайды. Бірақ ел азаматтарына Жаңа жылды үйде отбасымен тойлау ұсынылады.

Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, орта мектептер мен жоғары оқу орындарында оқушылардың, тәрбиеленушілердің және студенттердің қатысуымен жабық жерде түрлі мерекелік іс-шара мен кештер ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.

Облыс, аудан және қала орталықтарында Жаңа жыл шыршасын ашық жерге орнату ұсынылады.

Қазір оқып жатыр

Терроризмге қарсы қорғанысты әлсіреткені үшін 263 басшы айыппұл арқалады

Терроризмге осал нысан

Қазақстан Ресейге жанар-жағармай жеткізу мүмкіндігін қарастыруға дайын

Ресейге жеткізу

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат