Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Өзбекстанда вирусқа қарсы 18 миллион вакцина егілді

Өзбекстанда екпе науқаны басталғалы Covid-19 вирусына қарсы вакцинаның 18 миллионнан астам дозасы қолданылды.  

Өзбекстанда вирусқа қарсы 18 миллион вакцина егілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде елде вакцинаның 18 082 373 дозасы қолданылған.

Бұл ретте бірінші дозаны 10 334 108 адам алса, вакцинаның екінші және үшінші компоненті (қытай-өзбек ZF-UZ-VAC2001 вакцинасы үш дозамен салынады) тиісінше 5 745 222 және 2 003 043 өзбекстандық азаматқа егілді.

Елде вакциналаудың толық курсынан 3 596 143 адам өткен.

Аймақтар арасында Ферғана және Наманған облыстары көш бастап тұр. Онда екпе салдырғандар саны 2 миллион адамнан асты.

Еске сала кетсек, Өзбекстанда екпе науқаны 1 сәуірде басталды.

Вакцинацияға төрт препарат пайдаланылып отыр: еуропалық AstraZeneca, қытай-өзбек ZF-UZ-VAC2001, ресейлік «Спутник-V» және американдық Moderna.

3 тамызда республикада жұмыс істеуші тұрғындардың міндетті вакциналануы туралы заң қабылданған.

Қазір оқып жатыр

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш

Ұлттық банктен кеткен Шолпанқұлов Solva Group директорлар кеңесінің құрамына кірді

Берік Шолпанқұлов