Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Өзбекстанда президенттік сайлауға 300 миллиард сом жұмсалады

 Өзбекстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының отырысында 300 миллиард сом көлемінде (шамамен 12 млрд 52 млн теңге) президенттік сайлауды ұйымдастыруға жұмсалатын шығындар сметасы бекітілді. 

Өзбекстанда президенттік сайлауға 300 миллиард сом жұмсалады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 14 округтік сайлау комиссиясының әрқайсысы 56,9 млн сом, 10,8 мың учаскелік сайлау комиссиясы 11,8 млн сом алады. Сайлаушы округтар мен учаскелерге бөлінген қаражаттың 80%-ы айлық, өтемақы және бірыңғай әлеуметтік төлем төлеуге жұмсалады. Сайлау комиссияларының қызметкерлерін дайындау мен оқытуға 18,4 миллиард сом жұмсау жоспарланып отыр. Сонымен қатар сайлау комиссиялары мүшелері мен сайлаушылардың өздерін жеке қорғану және зарарсыздандыру құралдарымен қамтамасыз ету үшін қаражат бөлінген. Еске сала кетейік, Өзбекстан президентінің кезекті сайлауы осы жылдың 24 қазанында өтпек. Ол Өзбекстан тарихындағы алтыншы тікелей президенттік сайлау болмақ.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті