Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Өзбекстанда Nike кроссовкаларының өндірісі іске қосылды

Әлемге әйгілі бренд Өзбекстанмен ынтымақтастық орнатты. Қазір Әндіжандағы өзбекстандық Sino International кәсіпорны күніне 6 мың жұп Nike кроссовкасын шығарады.

Өзбекстанда Nike кроссовкаларының өндірісі іске қосылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өндіріс желісін іске қосу үшін Sino International 5 жыл ішінде Nike талап ететін барлық халықаралық сапа стандарттарын толығымен енгізді.

Атап айтқанда, белгілі бір өндірістік желілер құрылып, қызметкерлерге лайықты еңбек жағдайлары мен жоғары сапаны бақылау ұйымдастырылды. Әлемге әйгілі бренд кроссовкаларының алғашқы партиясы кәсіпорын конвейерлерінен шығып үлгерді.

Бүгінде «Sino International» 50 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Nike спорттық аяқ киім шығарылатын әрбір ел үшін ресми штрих-код береді. Бұл штрих-кодты Өзбекстан да алды. Бұл Әндіжандағы кәсіпорынның әлемдік брендтегі кроссовкалардың барлық үлгілерін шығаруға құқығы бар деген сөз.

Nike стратегиясы бойынша Өзбекстанда шығарылған кроссовкалар Орталық Азия мен Пәкістан, кейінірек Еуропа нарығына жіберіледі.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстікте өзін ҚМА қызметкері ретінде таныстырғандар емхана басшысынан 15 млн теңге талап еткен

алаяқтық

Түркияда «Сүлейменшілер» діни қозғалысының жетекшісі қамауға алынды

Алихан Күріш

«Әкемнің көзқарасын ешқашан қолдаған емеспін»: Бейбіт Әлібеков мәлімдеме жасады

.

«Бақытжан Базарбек адамды қағып кетті» деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Базарбек