USD
USD
USD

Өзбекстан: Наурызда карантин талаптары сақталады

  Өзбекстанда Наурыз мерекесі карантин талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.

Өзбекстан: Наурызда карантин талаптары сақталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өзбекстан аумағында коронавирустың таралуын болдырмау және іс-шаралар бағдарламасын дайындау бойынша өткен жиында көктемгі мереке Наурызды тойлау туралы қаулы қабылданды.

Осы шешімге сай: · мерекелік іс-шаралар ауа-райына байланысты жағдайды ескере отырып, ашық алаңдарда, яғни саябақтарда, аллеялар мен стадиондарда өткізу; · мерекелік іс-шаралар кезінде халықтың көп жиналмауын және келушілердің маска тағуын, әлеуметтік арақашықтықты сақтауын қамтамасыз ету; · адамдардың көптеп топталуын болдырмау үшін, махалаларда шағын іс-шаралар ұйымдастыру шараларын қабылдау тапсырылды. Сонымен бірге, құқық қорғау органдарына мереке кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау мен қауіпсіздік шараларын қабылдау міндеті жүктелген.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті