USD
USD
USD

Өзбекстанда коронавирустан банан бағасы құлдырап кетті

Ташкент, Әндіжан және Самарқан базарларында бананның келісі орташа 25 мың сумнан (993 теңге) 10 мыңға дейін (397 теңге) арзандап кеткен. Фергана ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұған Өзбекстанға Қытайдан жеткізілетін банандарда коронавирус бар деген сөз әсер еткен көрінеді.

 Өзбекстанда коронавирустан банан бағасы құлдырап кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Өзбекстандағы әлеуметтік желілердегі топтарда өткен демалыс күндері базардағы бананның келісі 6-8 мың сумға 238-317 теңге) сатылғанын жазуда. Көптеген интернет қолданушы тіпті Қытайда өсірілмеген бананның өзі коронавирус тараған Уханьда сұрыпталатынын айтуда.

Әзірге ғалымдар коронавирустың иек тірі ағзалардан жұғатынын айтуда. Мәселен вирус жануардан адамға немесе адамнан адамға беріледі. Дегенмен Қытайдан келетін жемістерде вирус болуы мүмкін деген қауесет бірден банан бағасын құлдыратып жіберген. Осыған орай өзбектер бағасы шарықтап кеткен етке қатысты да осындай жел сөз тарату керек деп әзілдеуде.

 

Қазір оқып жатыр

«Мені қатты сөкпеңіз»: Бибісара Асаубаева қазақша үйреніп жүр

.

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.