USD
USD
USD

Өзбекстанда іздеуде жүрген ер адам Талдықорғанда ұсталды

Өзбекстанда іздеуде жүрген ер адам Талдықорғанда ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өзбекстанда іздеуде жүрген ер адам Талдықорғанда ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Талдықорған қаласында облыстық полицияның жедел уәкілдері мемлекетаралық іздеуде жүрген 31 жастағы шетелдік азаматтың орналасқан жерін анықтады. Ақпаратқа сәйкес, Өзбекстанның тәртіп сақшылары бұл адамды ірі алаяқтық жасады деген күдікпен бір жылдан астам уақыт іздеген.

– Іздеуде жүрген адам “Іздестіру” жедел профилактикалық іс-шарасының аясында анықталып, облыс орталығындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде ұсталды. Қазір ол қамауда отыр. Оның ұсталғаны туралы ақпарат ҚР ішкі істер министрлігіне жолданды, – дейді Жетісу облысы ПД криминалдық полиция басқармасының іздеу бөлімі.

“Іздестіру” жедел-профилактикалық іс-шарасы 20-21 қыркүйек аралығында жүргізіледі. Алғашқы тәулікте тәртіп сақшылары іздеуде жүрген 5 қылмыскерді ұстады. Оның ішінде көрші мемлекеттердің құқық қорғау органдары іздеп жүрген 2 шетелдік азамат бар.

Сонымен қатар, облыстың полицейлері хабар-ошарсыз кеткен 4 адамның орналасқан жерін анықтай алды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты