USD
USD
USD

Өзбекстанда этникалық қазақтардың құрылтайы өтеді

Өзбекстандағы этникалық қазақтардың кіші құрылтайы өтеді, деп хабарлайды Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы.

Өзбекстанда этникалық қазақтардың құрылтайы өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Іс-шараны Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және "Отандастар қоры" мен Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты шараны ағымдағы жылдың 21 қазан күні тұңғыш рет онлайн режимінде Өзбекстандағы қазақ диаспорасымен өткізу жоспарлануда.

"Дәстүрге айналған кіші құрылтайды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы өткізіп келеді. Соңғы жылдары Ресей, Европа қазақтарының кіші құрылтайы өткен. Биыл бірінші рет пандемияға байланысты Өзбекстандағы қазақтардың кіші құрылтайын онлайын режимінде өткізуді ұйымдастырып отырмыз. Кездесудің басты мақсаты бауырлас Қазақстан-Өзбекстан арасындағы достық қарым-қатынас, мәдени-рухани байланыстарын нығайту. Өзбекстандағы қазақ диаспорасына қолдау көрсету, мәдени байланысты кеңейту, олардың түйткілді мәселелерін шешу жолдарын қарастыру", - дейді ДҚҚ Төрағаның бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков.

Осы құрылтайға Өзбекстанның Ташкент, Сырдария, Науаи, Бұхара, Хорезм облысы және тағы басқа елдердегі қазақ ұлттық мәдени орталықтарының басшылары мен ҚР мемлекеттік мекемелердің өкілдері, қоғам, өнер қайраткерлері қатысады.

Қазір оқып жатыр

«Барселонадан» төрт гол өткізіп алған Покатиловтың ойыны қалай бағаланды?

Стас Покатилов

Алаяқтық және параға сатып алу: «Қазақмыс» үш қылмыстық іс тіркелгенін хабарлады

Қазақмыс

Роман Скляр жаңа мемлекеттік комиссияны басқарады

Роман Скляр

Түркияда Қазақстандағы елшілік құрылысына бөлінген $15 млн төңірегінде дау туындады

Түркияның Қазақстандағы елшілігі ғимараты