USD
USD
USD

Өзбекстанда аптап ыстық болды

 Ташкентте мамыр айы үшін рекордтық температура тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24». Соңғы жүз жылда болмаған аптап ыстық орнап, сынап бағанасы 40 градустан асты.

Өзбекстанда аптап ыстық болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Соңғы рет мұндай шіліңгір ыстық 1902 жылы тіркеліпті. Негізі осы айдың басында Өзбекстандағы күн райы тұрақсыз болды. Үш апта бойы нөсер жаңбыр жауып, қатты жел соқты. Тіпті кейбір жерлерде бұршақ жауған. Соңғы он күнде Қарақалпақстан Республикасында, Хорезм, Бұқара мен Навои облыстарында күн қатты ысып, күндіз сынап бағанасы 42 градусты көрсетті. Ал шөлді аудандарда ауа температурасы 44 градусқа дейін барған.

Гидрометеорологиялық қызмет орталығы болжау бөлімінің жетекші инженері Виктория Ведерникова: "Қарақалпақстан мен Хорезмде мамыр айында бұрын-соңды мұндай жоғары температура тіркелмеген. Ташкентте ең ыстық күн 1902 жылы болған. Онда ауа температурасы 39,9 гардусқа жеткен екен. Ал Нүкістегі ең жоғарғы көрсеткіш 41,3 градус болса, биыл мұнда рекордтық температура орнайды деп болжап отырмыз", - деді. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.