USD
USD
USD

Өзбекстанда Абай шығармашылығына арналған шаралар өтеді

2022 жылдың 5-10 желтоқсан күндері Өзбекстанда ұлы ақын, ағартушы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор Абай (Ибраһим) Құнанбайұлына раналған «Абай Құнанбев мұрасы күндері» атты мәдениет күндері ұйымдастырылады, деп хабарлады өзбекстандық «ӨзА» ақпараттық агенттігі.

Өзбекстанда Абай шығармашылығына арналған шаралар өтеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәдениет күндері аясында бірқатар ауқымды іс-шаралар өткізу жоспарланған. Атап айтқанда, ақынның шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылады. Сонымен қатар Өзбекстанның орта және жоғары оқу орындарында екі елдің белгілі ақын-жазушылары мен ғалымдарының қатысуымен Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған шығармашылық кеш өтеді, Ұлттық академиялық драма театрда «Абай» қойылымы көрсетіледі.

Айта кету керек, Өзбекстан Жазушылар одағы мүшелерінің қатысуымен жоғары оқу орындарының гуманитарлық факультеттерінде Абай шығармашылығына арналған іс-шаралар да жоспарда бар. Сонымен қатар, Ташкент мемлекеттік өзбек тілі және әдебиеті университеті Ташкент мемлекеттік шығыстану университетімен бірлесіп, «Абай философиясы мен Орталық Азия ойшылдары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырады.

Бұдан бөлек, «ӨзА» ақпараттық агенттігінің дерегінше, «XIX ғасырдағы өзбек және қазақ ойшылдарының ортақ тарихи-мәдени мұрасы және дүниетанымының нығаюы мен дамуы» тақырыбындағы ғылыми конференция, Абай өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм көрсетілімі, Ташкент, Науаи, Жызақ, Сырдария облыстарында Абай шығармашылығына арналған мәдени-шығармашылық кештер өтуі жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.