USD
USD
USD

Өзбекстанда «Абай» операсы қойылды

Өзбекстандағы қазақ мәдени күндері «Абай» операсымен қорытындыланды, деп хабарлады «Хабар 24».

Өзбекстанда «Абай» операсы қойылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Бір аптаға жалғасқан шарада ұлттық құндылықтарымыз ұлықталды. Ташкентке арнайы сапармен «Қазақконцерт» ұжымы, «Гүлдер» ансамблі, мемлекеттік опера және балет театры, сондай-ақ отандық бір топ киногеріміз барды.

Өзбекстанда қазақтың көне тарихынан сыр шертетін мәдени құндылықтарымыз көздің қарашығындай қорғалып келеді. Соның бірі – Төле би ескерткіші. Кемеңгер тұлғаның кесенесінде зиярат етуге бар жағдай жасалған. Сапар аясында еліміздің Мәдениет және спорт министрі өзбекстандық әріптесімен кино саласында бірлескен жобаларды жүзеге асырып, «Бір тур – бір өңір» бағдарламасы аясында туризмді дамытуға уағдаласты.

 «Мәдениет, спорт, туризм, өнер, руханият – екі елдің арасындағы көпір. Өйткені қазақтың да, өзбектің де тарихы бір, тамыры бір. Мұны дәстүрге айналдырамыз. Келер жылы Өзбекстанның мәдениет күндері Қазақстанда өтеді. Екі елдің әртістері бірлесіп, түрлі жобаларды жүзеге асырады»,– деді еліміздің Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.  

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама