USD
USD
USD

Өзбекстанда 15 баланы өлтірген дәрі елімізде сатылмайды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өзбекстанда 15 баланы өлтірген дәрі елімізде сатылмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Үндістанның "Док-1 Макс" препаратының елімізде тіркелген мерзімі 2018 жылы өтіп кеткен. Оның құрамында 500 мг парацетамол, 200 мг гвайфенезин және 10 мг фенилэфрин гидрохлориді бар. Ведомство мәліметіне сүйенсек, парацетамолдың салдарынан препарат бүйрек функциясына жанама түрде кері әсерін тигізеді. Сондықтан бұл дәріні нұсқауда көрсеткен дозадан асырмай пайдалану керек. Еске сала кеткен жөн, Өзбекстанның Самарқан облысында ЖРВИ-ге қарсы үндістандық "Док-1 Макс" дәрісін қабылдаған 15 бала көз жұмған болатын.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық