USD
USD
USD

Өзбекстанда жүкті әйелдерді жұмыстан шығаруға заңмен тыйым салынды

Өзбекстанның Еңбек кодексіне енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, енді жұмыс берушілер жүкті әйелдерді және бала тууға байланысты демалыстағы қызметкерлерді жұмыстан шығара алмайды.

Жүкті
Фото: Ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұған дейінгі заңнамада мұндай жағдайларға тек шектеулер қойылып, жұмыс берушілерге жүкті әйелдерді мүмкіндігінше жұмыстан босатпау және басқа қызметке ауыстырмау ұсынылатын.

Сонымен қатар, енді Өзбекстан азаматтары еңбек шарттарын электронды форматта рәсімдей алады, бұл үшін «Бірыңғай ұлттық еңбек жүйесі» платформасы қолданылады.

Өзбекстан үкіметі биыл 5,2 миллион адамға жұмыс ұсынуды және кедейлік шегінде өмір сүріп жатқан 1,5 миллион тұрғынның жағдайын жақсартуға бағытталған шараларды қабылдауды жоспарлап отыр.

Бұған дейін Өзбекстанда 500 әйелді автобус жүргізушісі мамандығына оқыту жоспарланғаны хабарланған болатын.

Қазір оқып жатыр

«Ақшаны қайтарыңдар»: Павлодар әкімдігі әлеуметтік төлемге қатысты түсініктеме берді

Мүгедек бала

Астанада чемодандардан долларлар шашылды

Астанада аулада шашылып жатқан доллар

Пайда мен қарыз бірге өсуде. Ағайынды Тастекейлер биыл НЕГЕ қарқын алып келеді?

TAS

Қазақстанда туу көрсеткіші төмендеп барады: анти-рейтингті Қызылорда облысы мен ШҚО бастап тұр

нәресте