18 Қазан 17:11
...

Өзбекстанда педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Өзбекстан
Фото: istockphoto

Өзбекстан Олий Мәжілісінің депутаты Дилноза Азизова Наманганда жеті жасар қыз зорланғаннан кейін педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыруды заң жүзінде бекітуді ұсынды, деп жазды Ulysmedia.

Алматы, NEGE. Наманганда өткен үйлену тойы кезінде бұрын сотталған 37 жастағы ер адам 2018 жылы туған қызды зорлаған. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, ол қамауға алынды. Оған 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Депутаттың айтуынша, 2024 жылы кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жасағандар үшін жазаны жеңілдетуге тыйым салатын түзетулер енгізілгенімен, бұл шаралар жеткіліксіз.

Айта кетейік, 2023 жылдың ақпанында өзбек депутаттары педофилдерге химиялық кастрация енгізуді, сондай-ақ сотталғандардың тізімін жариялап, оларға мектептер мен оқу орындарынан 10 шақырым қашықтықта тұруға тыйым салуды ұсынған еді.

Азизованың айтуынша, өмір бойы бас бостандығынан айыру мәселесі парламенттің алдағы отырыстарында қаралуы мүмкін.