USD
USD
USD

Өзбекстанда хайуанаттар бағындағы тордан шығып кеткен арыстандар күзетшіні талап өлтірді

Ташкент облысының Паркент ауданында орналасқан Lion Park хайуанаттар бағында 3 арыстан тордан шығып кетіп, күзетшіге шабуыл жасады, деп хабарлайды Kazinform.

Арыстан
Фото: Splash

Алматы, NEGE. Облыстық ішкі істер басқармасының мәліметінше, оқиға таңғы сағат 05:00 шамасында болған. Бір тордың ішінде қамалып тұрған 3 арыстан қоршалған аумақтан шығып кеткен. Бұл уақытта хайуанаттар бағы келушілер үшін жабық еді.

Жыртқыштарды торға қайтаруға тырысқан 44 жастағы күзетшіге арыстандар шабуыл жасаған. Салдарынан ер адам көз жұмды.

Кейін хайуанаттар бағының қызметкерлері арыстандарды арнайы торға қайта қамады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, мамандар 2 арыстанды транквилизатордың көмегімен торға қамап, үшіншісін атып өлтірген.

Оқиғадан кейін хайуанаттар бағының қызметкерлері барлық жыртқыштардың орналасқан орынына тексеріс жүргізген. Жергілікті билік өкілдері мәлім еткендей, халыққа ешқандай қауіп жоқ, күзетшіден басқа ешкім зардап шекпеген.

Қазір оқып жатыр

ERG Қазақстандағы үш еншілес компаниясын тарату жұмыстарын бастап кетті

ERG

Алматылық фармацевт ұйымдасқан қылмыстық топқа ірі көлемде трамадол сатып келген

дәрілік зат

Путин Тоқевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру жөніндегі ұсынысына жауап берді

Путин

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар