USD
USD
USD

Өзбекстанда екі күн бұрын қызметінен кеткен экс-министр ұсталды – БАҚ

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің 27 шілдедегі жарлығымен қызметінен босатылған елдің бұрынғы энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов ұсталды.

Журабек Мирзамахмудов
Фото: facebook.com/jurabek.mirzamahmudov

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Telegram-дағы EVENT24.uz арнасы тәуелсіз дереккөздерге сілтеп хабарлады. Арнаның ақпаратынша, бұрынғы министр аса ірі көлемде мүлік жымқырды деген күдікке ілінген. Әзірге құқық қорғау органдары бұл ақпаратқа ресми түрде түсініктеме берген жоқ.

Сондай-ақ бұған дейін экс-министрдің құқық қорғау органдарында қызмет еткен туған інісі Нодир Мирзамахмудов та ұсталғаны хабарланды. Ол да осы қылмыстық іс бойынша тергеліп жатқан күдіктілердің бірі екені айтылған.

Дереккөздер құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын, сондай-ақ бұл іске басқа да жоғары лауазымды тұлғалардың қатысы бар-жоғын тексеріп жатқанын мәлімдеген.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram