USD
USD
USD

Өзбекстанда балаларға тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсеткендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Өзбекстанда балаларға қатысты жасалған тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жаза енгізілді. Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерге тиісті өзгеріс енгізуді көздейтін заңға кеше ел президенті Шавкат Мирзиёев қол қойды, деп хабарлайды Kazinform.

Бала өлімі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Тиісті түзетуге сәйкес, Өзбекстанның Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерінің тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы баптарымен қорғалатын тұлғалар тобына балалар енгізілді.

Бұл ретте егер бүлдіршін физикалық қысым көретін болса ғана күдіктінің үстінен аталған баптар бойынша іс қозғалатынын ескерген жөн.

Сонымен қатар, Өзбекстанның Қылмыстық іс жүргізу кодексі де жаңа баптармен толықты. Атап айтқанда, енді тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты істерде тараптардың татуласу туралы өтініші тек сот талқылауы сатысында беріледі.

Бұған дейін Өзбекстанда медиация бойынша өтінішті істі алдын ала тергеу кезеңінде жолдауға болатын.

Қазір оқып жатыр

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы

Сүлейменов Ұлттық қордан алынатын 5 трлн теңге инфляцияға қалай әсер ететінін айтты

инфляция

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады

Талғарда қылмыстық істі тоқтату үшін тегін демалмақ болған екі полицей ұсталды

Маңғыстау