USD
USD
USD

Өзбекстан зейнетке шығу жасын өсірмейді

Өзбекстанның Зейнетақы қоры ақпарат құралдары таратқан елде зейнетке шығу жасы өсетіні туралы деректің жалған екенін ресми түрде мәлімдеді.

Өзбекстан зейнетке шығу жасын өсірмейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2019 жылдың қарашасында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев  қаржы министрлігі мен өзге де құзырлы органдарға 2020 жылдың 1-ақпанына дейін зейнетақы жүйесін реформалау Тұжырымдамасының жобасын әзірлеуді тапсырған еді.

Қазір қор мамандары мен министрлік өкілдері өзге мемлекеттердің зейнетақы жүйесін зерттеуде. Бұл жұмысқа Дүниежүзілік банкі, БҰҰ ДБ және РФ қаржы министрлігінің ғылыми-зерттеу институты секілді халықаралық қаржы институттарының өкілдері де жұмылдырылған.

Реформа елдегі азаматтарды толығымен дерлік зейнетақы жүйесімен қамтуды көздейді. Сонымен бірге инновациялық технологиялар көмегімен зейнетке шығуды бір ғана төлқұжатпен рәсімдеу жоспарланған.

Кейбір өзбек басылымдарында реформа аясында зейнетке шығу жасы ерлер үшін 62-ге, ал әйелдерге 58-жасқа дейін ұзаратыны туралы ақпар пайда болды. Қор өкілдері зейнет жасын ұзарту мүлде қарастырылмағанын жеткізді. Қазір Өзбекстанда әйелдер 55 жасында, ерлер – 60 жасында зейнетке шығады.

Қазір оқып жатыр

«Мені қатты сөкпеңіз»: Бибісара Асаубаева қазақша үйреніп жүр

.

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.