USD
USD
USD

Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті

Өзбекстан үкіметі толық құрамда елдің жаңа Олий Мажлисі (парламент) алдында өз өкілдігін тоқтатты. Бұл туралы Өзбекстан парламенті заң шығарушы палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Атап айтқанда, парламенттің төменгі заң шығару палатасы бірінші отырысының қорытындысы бойынша Өзбекстан үкіметінің өз өкілдігін тоқтатыны туралы өтініші қабылданды. Мұндай өтініш Сенатқа да түскен еді, ол қанағаттандырылды.

«Өзбекстан Республикасы Конституциясының 98-бабына сәйкес, Өзбекстанның министрлер кабинеті жаңа сайланған Олий Мажлиске өкілдігін тоқтатыны туралы өтініш білдірді. Өзбекстан Республикасының Олий Мажлисінің заң шығарушы палатасы сәйкес қаулыны қабылдады», – деп атап өтті парламенттің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі конституцияға сәйкес, үкімет кабминнің жаңа құрамы құрылғанға дейін өз жұмысын жалғастыратынын нақтылады.

Сонымен қатар, парламент 21 қаңтарда өтетін екі палатаның бірлескен отырысында жаңа премьердің кандидатурасын қарайды, деп хабарлады заң шығару палатасының баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Дайрабаев Қожаназаров туралы: «Көреалмаушылықты доғаруымыз керек»

Жигули Дайрабаев

«Ауыл» партиясы Құрылтай депутаттығына 69 кандидатты ұсынды

Ауыл партиясы

Мемлекет басшысы Назарбаевқа ізгі тілегін жолдады

.

Қазақстанда 62 жанармай құю бекетінің қызметі тексеріліп жатыр

Бензин, дизель