USD
USD
USD

Өзбекстан Түркістанға сый ретінде 5 мың орындық мешіт салуда

Түркістан қаласына кіреберісте әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған еңселі мешіт бой көтеріп жатыр. Жобаға Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қолдау көрсетуде. 

Өзбекстан Түркістанға сый ретінде 5 мың орындық мешіт салуда
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы ретінде салынып жатқан мешіттің құрылысын келер жылы аяқтау жоспарланған. Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыс нақышында жүргізілуде. Жаңа жоба жан-жақты зерделеніп, әлем елдеріндегі озық тәжірибелер ескерілген. Мешіт іргесінің берік болуы үшін өзіндік технология әзірленген. Ислам орталығының жалпы көлемі – 20 мың шаршы метр. Айта кетейік, бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарын аралап, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді. Қазіргі таңда облыс орталығының әкімшілік-іскерлік орталығында 5, 7, 9, 12 және 20 қабатты 60 тұрғын үй бой көтерді.

Сондай-ақ әкімшілік ғимараты бар 20 қабатты тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Облыс әкімі «Yassy Tower» бизнес орталығының құрылысымен де танысты. Әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан заманауи ғимараттың 13 қабатында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Бұдан бөлек, Өмірзақ Шөкеев Түркістанда салынып жатқан әлемдік стандарттарға сай Мұз айдынында болды. 1200 адамға лайықталған Мұз айдыны келер жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Жалғыз баспанасы мен автокөлігі барлар мемлекеттік қолдаудан қағылмай ма?

Алматы жастары

12 жылға сотталған экс-әкім мерзімінен бұрын босап шығуы мүмкін

Кәрім Көкрекбаев

Тоқаев стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобын жасақтады

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Әлі көзін ашқан жоқ»: Жамбыл облысында оқушы бала «сходқа» кешіккені үшін соққыға жығылып, ес-түссіз жатыр

Асылбек