USD
USD
USD

Өзбекстан шекарасынан өте алмаған қазақстандықтар елге оралды

Өзбекстан шекарасынан өте алмаған 80-ге жуық қазақстандық елге оралды. Бұл туралы Қазақстандағы Өзбекстан елшісі мәлімдеді.

Өзбекстан шекарасынан өте алмаған қазақстандықтар елге оралды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарақалпақстанмен шекарадағы өткізу пунктінде 80-ге жуық отандасымыз қалып қойған. Дегенмен ұсталған немесе қаза тапқан ел азаматтары туралы ақпарат жоқ. 

"Азаматтардың қауіпсіздігі, құқығын мен бостандығын қорғауды қамтамасыз ету, заңды және тәртіпті қалпына келтіру үшін президент 3 шілде мен 2 тамыз аралығында төтенше жағдай енгізу туралы қаулыға қол қойды. 2 шілдеде қылмыстық іс қозғалды. Қазір Нүкістегі жағдай тұрақталды, қоғамдық тамақтану орындары, сауда орталықтары, наубайханалар мен базарлар жұмыс істеп тұр. Мобильді желі, газ бен су толық көлемде жұмыс істейді", – деді Қазақстандағы Өзбекстан елшісі Саидикрам Ниязходжаев.

Айта кетейік, 50-ге жуық қазақстандық Өзбекстан шекарасынан Қазақстанға өте алмай қалған. Үш күн қатарынан шекарада қалған олар президенттен көмек сұрады.

Қазір оқып жатыр

Теңге әлемдегі долларға қатысты нығайған валюталар бестігіне енді

теңге

Маңғыстауда жеке клиникада МӘМС бойынша емдеу құны 10 есеге дейін ұлғайтылған

МӘМС

Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде жаңа пәндер енгізіледі

оқушылар

«Кәсіби маман»: Аида Балаева журналист Гүлнар Бажкеноваға қатысты пікір білдірді

Гүлнар Бажкенова