USD
USD
USD

Өзбекстан шекарасын ашты

Өзбекстан

Өзбекстан шекарасын ашты
Фото: NEGE.kz

ел аумағына кіруге және шығуға ішінара рұқсат берді. Дегенмен елдегі карантиндік шаралар биылғы жылдың тамызына дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Арнайы республикалық комиссияның шешімімен санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы тұрақтанған елдермен әуе қатынасы қалпына келтірілмек. Маусымнан бастап мына топтағы тұлғаларға Өзбекстанға кіруге және шығуға рұқсат етіледі: - шет елдердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері; - инвестициялық жобалар шеңберінде Өзбекстан Республикасында жұмыс істейтін шетелдік компаниялар мен басқа да ұйымдардың мамандары; - емделуге келетін (кететін) тұлғалар; - шетелде жақын туыстары немесе ауыр науқас туысы бар адамдар; - шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің сұрауы бойынша Өзбекстан Республикасы арқылы басқа елдерге жіберілетін (транзитпен) адамдар; - Өзбекстан Республикасында тұрақты тіркелген шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ ел тұрғындарына, сондай-ақ шет елде тіркелген Өзбекстан Республикасының азаматтары. Сонымен қатар азаматтарға оқуын немесе жұмысын жалғастыру үшін Өзбекстаннан кетуге рұқсат берілген. Ұшып-қонудың барлығы санитарлық ереже мен нормаларға сәйкес жүргізіледі. Арнайы республикалық комиссия әуе рейстерін жасыл, сары және қызыл түс арқылы санаттарға бөлді. «Жасыл» рейс санатына санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы тұрақты елдер енген. Коронавирус жұқтыру жағдайы азайған елдер «сары» түспен белгіленген. Ал «қызыл» топтағылардың қатарында коронавирус жұқтыру оқиғасы азаймай тұрған елдер бар.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.

Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров тағы үш жылға сайланды

Republica

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс