Өзбекстан шекараны ашатын болды
2020 жылдың 1 қазанынан бастап Өзбекстанға әуе, теміржол және автомобиль бақылау-өткізу бекеттері арқылы кіруге және шығуға рұқсат етілді.
Алматы, NEGE. Республикалық арнайы комиссияның кезекті шешімімен әуежайларда, теміржол вокзалдары мен шекара өткізу бекеттерінде азаматтардың және көлік құралдарының жүруіне қойылатын шектеулер жеңілдетілді. Сондай-ақ 2020 жылдың 1 қазанынан бастап қолданыстағы карантиндік және санитарлық-гигиеналық талаптарды қатаң сақтай отырып, Өзбекстан Республикасына әуе, теміржол және автомобиль пункттері арқылы кетуге рұқсат етілді.
Өзбекстанға келетін азаматтарға қойылатын талап: 72 сағат ішінде коронавирусқа ПТР тест сынамасының теріс нәтижесі жөнінде анықтамасы болуы керек. Болмаған жағадайда шекарадағы (әуежай, теміржол т.б) Өзбекстанға өткеннен кейінгі аймақта келген азаматтың өз қаражатынан ПТР тест сынамасы немесе экспресс-тест тексерісінен өтіп, 14 күн мерзімге қонақ үйге немесе үй жағдайындағы карантинге жатқызылады.
Қазір оқып жатыр
«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі
Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды
Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды