Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Өзбекстан президентінің мерзімі 7 жылға дейін ұзартылмақ

Өзбекстан өз конституциясын жаңартуға дайындалып жатыр, оған өлім жазасын алып тастау және президент өкілеттігін ұзарту туралы баптарды енгізу ұсынылды.

Өзбекстан президентінің мерзімі 7 жылға дейін ұзартылмақ
Фото: NEGE.kz

Республика конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын парламенттік «Народное слово» газеті жариялады.

Алматы, NEGE. «Өзбекстан Республикасында өлім жазасына тыйым салынған», - делінген жоба мәтінінде. Өзбекстан конституциясының 24-бабында өмір сүру әр адамның ажырамас құқығы екені және ол заң жүзінде қорғалатыны жазылған. Сонымен қатар, Өзбекстан президентінің мерзімін 7 жылға дейін ұзарту ұсынылды.

«90-баптың екінші бөлігіндегі «бес» деген сөз "жеті" деген сөзбен ауыстырылсын», - делінген құжат мәтінінде.

Қолданыстағы Конституцияға сәйкес Өзбекстан президентін ел тұрғындары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлайды.

Сондай-ақ елдің негізгі заңына құқық қорғау органдарының тұрғындарды қамауда ұстау мерзімін 48 сағатпен шектеу туралы тармақ енгізу ұсынылып отыр.

Тағы бір тармаққа сәйкес, «ұстау кезінде адамға оның құқықтары мен қамауға алу негіздерін түсінікті тілде айтылуы қажет».

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық